OYAN ACADEMY
OYAN ACADEMY

Жиі қойылатын сұрақтар

OYAN ACADEMY дегеніміз не?

Ұстаздарға, репетиторларға және ата-аналарға арналған бір платформа: біліктілікті арттыру курстары, онлайн репетитор табу және репетиторларға оқушы табуға көмек. Бір аккаунтпен барлық бөлімді пайдалана аласыз.

Репетиторды қалай табамын?

«ОЯН, АТА-АНА!» бетінде пәнді, сыныпты және оқыту тілін көрсетіп, сұраныс қалдырыңыз. Модерациядан өткен репетиторлар ішінен сәйкес маман табылғанда хабарласамыз. Баланың сыныбынан басқа деректері сұралмайды.

Курсқа қалай тіркелемін?

Курс бетінде «Курсқа тіркелу» батырмасын басып, Google немесе пошта арқылы кіріңіз. Деректерді толтырған соң Kaspi арқылы төлейсіз.

Төлем қашан расталады?

Kaspi төлемді растағаннан кейін жүйе оны автоматты түрде тексереді: курс кабинетте бірден ашылады, поштаңызға растау хаты келеді. Чек жіберудің қажеті жоқ.

Сертификат үшін бөлек төлеу керек пе?

Жоқ. Сертификат пен қосымша курс бағасына кіреді. Сертификат оқу және бағалау талаптары орындалғаннан кейін беріледі.

Курсты қалай оқимын?

Оқу лек бойынша өтеді: кесте бойынша Zoom сабақтарына қатысасыз, ал материалдар мен сабақ жазбалары жеке кабинетте жарияланады.

Тесттен өту үшін қанша балл қажет?

Шекті балл нақты курстың бетінде және тест басталар алдында көрсетіледі. Тест сұрақтары сол курс материалдарына негізделген.

Тесттен өтпесем не болады?

Сертификат жасалмайды. Нәтижеңізді, қалған әрекет санын және қайта тапсыру уақытын тест бетінде көресіз. Бұл шарттарды әкімші курсқа қарай бекітеді.

Сертификатты қайдан жүктеймін?

Міндетті материалдарды аяқтап, қорытынды тесттен шекті балл жинаған соң сертификат бекітілген үлгі бойынша автоматты түрде қалыптасады. Дайын PDF жеке кабинеттің «Сертификаттар» бөлімінде болады.

Сертификатты қалай тексеремін?

Сертификаттың бірегей нөмірін тексеру бетіне енгізіңіз немесе құжаттағы QR-кодты ашыңыз. ЖСН, телефон және email жария көрсетілмейді.

Оны «Ұстаз» платформасына қалай жүктеймін?

Біліктілікті арттыру сертификаты Ұстаз платформасында тіркеледі. Дайын PDF құжатын жеке кабинеттен жүктеп алуға болады.